Германияда 2008 жылдан кейін туған жас азаматтарға қатысты әскерге шақыру ережелерін өзгертуді жоспарлап отыр. Егер Бундестаг бұл бастаманы мақұлдаса, 2026 жылдан бастап 18 жасқа толған барлық жастар арнайы анкета толтырып, кейін әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық тексеруден өтеді.
Егер қажетті мөлшерде еріктілер жиналмаса, армияға шақыру жеребе арқылы жүргізіледі.
Die Welt басылымының мәліметінше, 2022 жылдың мамырында Германияда 2008 жылы туған 340 859 ер балатұрған. Солардың 56 693-і Германия азаматтығынан бөлек тағы бір немесе бірнеше елдің азаматтығына ие.
Олардың ішінде:
- 3 691 адамның — Ресей паспорты
- 1 620 адамның — Қазақстан паспорты бар
- сондай-ақ 14 463 — Түркия, 4 141 — Польша, 3 857 — Италия, 1 888 — Сербия, 1 640 — Марокко азаматтығына ие болған.
Газет дерегінше, анкета толтыру кезінде барлық қос азаматтықтарды көрсету міндетті болады. Украинадағы соғысқа байланысты, Ресей азаматтығы бар болашақ неміс әскери міндеттілерінің лоялдығы мен құпия ақпаратқа қолжетімділігіне қатысты мәселелер туындауы мүмкін, деп жазады Die Welt.