weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Kaspi.kz басшысы  «Жеңіс» футбол клубын сатып алды

Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Михаил Ломтадзе елордадағы «Жеңіс» футбол клубын ресми түрде сатып алды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Kaspi.kz басшысы  «Жеңіс» футбол клубын сатып алды

Ломтадзе Астанада әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құруды жоспарлап отырғанын айтты.

«Арманым — Қазақстан мен Англияда кәсіби деңгейде жұмыс істейтін, әлемдік стандарттарға сай балалар футбол академиясын ашу. Онда ең талантты жас футболшылар тегін оқып, үздік қазақстандық және ағылшын мамандарынан тәлім алады. Қазіргі технологияларды қолдана отырып, қазақстандық футболды жаңа деңгейге көтеріп, әлемдік деңгейдегі ойыншылар тәрбиелей аламыз деп сенемін», — деді ол.

Клуб мәліметінше, ФК «Жеңістің» сатылуы – президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың футболды дамыту жөніндегі стратегиясының бір бөлігі. Бұған дейін Ломтадзе ағылшынның Wimbledon Wanderers клубы негізінде де халықаралық футбол академиясын құруды жоспарлаған.

Жаңа иесімен бірге «Жеңіс» инфрақұрылымды жаңартуды және ойыншылардың дайындығын күшейтуді мақсат етеді.

Өткен маусымда елордалық клуб 36 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасында алтыншы орын алған.
1964 жылы құрылған «Жеңіс» үш рет Қазақстан чемпионы атанып, үш мәрте ел Кубогын жеңіп алған.