Тексеру барысында рөлде 30 тонна тұрмыстық техниканы Қостанайдан Ресейге алып бара жатқан мас жүргізуші отырғаны анықталды.
Патруль талабына бағынбаған жүргізуші тоқтамай қашпақ болды. Алайда жүк көлігі жол жиегіндегі лайға батып қалып, әрі қарай жүре алмады. Патрульдік инспектор кабинаға көтеріліп, кілтті алып тастаған сәтте-ақ қатты алкоголь иісін сезген.
«Медициналық тексеріс орта деңгейдегі мас күйді көрсетті. Жүргізушінің өзі рейс алдында сыра ішкенін мойындады», — деді полиция өкілдері.
Енді оған 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылу қаупі бар.
Бұған дейін Алматыда балаларды лагерге апара жатқан мас жүргізуші ұсталған еді. Ал Ақмола облысында тағы бір мас ер адам полициядан қашып, Көкшетаудағы қоршауға соғылған.
Айта кетейік, ІІМ мас күйінде рөлге отырғандарға жазаны жеңілдетуге үзілді-кесілді қарсы екенін мәлімдеген.