Оқиға сағат 12:30 шамасында Тауарасы–Айнабұлақ аралығында болған. Машинист теміржол төсемінің жанынан Айнабұлақ станциясына қарай жалғыз бағыт алған баланы көрген.
Пойыз сол сәтте шамамен 38 км/сағат жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Машинист қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына алып кеткен. Бұл туралы ол пойыз диспетчеріне хабарлаған.
Кейін бала Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылды. Станция кезекшісі баланың ата-анасымен байланысқан.
ҚТЖ мәліметінше, машинистің дер кезінде әрекет етуінің арқасында бала қауіпсіз жерге жеткізілген.