weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Анарбековтың қолы қойылған доп 12 млн теңгеге сатылды

12 миллион теңгеге сатылған доп – бір отбасының баспанасына айналды

Анарбековтың қолы қойылған доп 12 млн теңгеге сатылды
Фото: fc kairat

«Асар-Үме» қайырымдылық қоры ұйымдастырған аукционда «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтің қолы қойылған добы 12 миллион теңгеге сатылды. Допты кәсіпкер сатып алып, одан түскен қаражат пәтерсіз жүрген бір отбасының баспаналы болуына жұмсалды.

Осылайша алматылық клубтың жас қақпашысы өз қолтаңбасы арқылы бір жанұяның тағдырын өзгертті.

Айта кетейік, «Қайраттың» негізгі қақпашысы Александар Заруцкий сырт алаңда өткен «Селтикке» қарсы матчта жарақат алып, орнына Темірлан Анарбеков шыққан болатын. Сол ойында қазақ қақпашысы ерекше ойын көрсетті. Кейін ол да жарақат алып қалғанымен, командада жауапкершілікті 18 жастағы Шерхан Қалмырза жалғастырды.

Қызығы, қосалқы құрамнан шыққан үш қақпашының да жолы болып, әрқайсысы өз шеберлігін дәлелдеді.

Жарақатынан айыққан соң, Анарбеков «Пафос» пен әлемге әйгілі «Интерге» қарсы ойындарда тамаша сейвтерімен көзге түсіп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.