Топтық кезеңде Анарбеков 8 матчта 36 сейв жасап, қарсыластардың бірнеше қауіпті шабуылын тойтарған. Бұл көрсеткіш оны рейтингтің алғашқы үштігіне шығарды.
Одан жоғары тек норвегиялық «Будё-Глимт» қақпашысы Никита Хайкин (49 сейв) мен мадридтік «Реалдың» голкипері Тибо Куртуа (41 сейв) ғана тұр.