weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әлемнің ең бай адамдарының бірі 1,3 млрд долларды қайырымдылыққа береді

95 жастағы әйгілі инвестор әрі кәсіпкер Уоррен Баффет Berkshire Hathaway компаниясының акционерлеріне соңғы хатын жариялады. 60 жылдан астам уақыт бойы холдингті басқарып келген миллиардер биыл жыл соңында бас директор қызметінен кетпек.

Әлемнің ең бай адамдарының бірі 1,3 млрд долларды қайырымдылыққа береді

Қоштасу хатында Баффет қайырымдылыққа 1,3 миллиард доллар көлемінде акция бөлгенін хабарлады. Бұл қаражат оның отбасының төрт қайырымдылық қорына, соның ішінде Сьюзен Томпсон Баффет қоры мен балаларының қорларына бағытталған. Бұл — оның зейнетке шығар алдындағы ең ірі жеке қайырымдылығы.

Бизнесмен енді акционерлерге хат жазуды да, жиналыстарда сөз сөйлеуді де тоқтатады. 2026 жылдан бастап компанияны оның мұрагері Грег Абель басқарады. Ал Баффет директорлар кеңесінің төрағасы қызметін сақтап қалады.

1965 жылдан бері Уоррен Баффет жыл сайын акционерлерге хат жазып, қаржылық есептермен қатар инвестицияның қыр-сырын түсіндіріп, табысты бизнес жүргізудің қағидаларымен бөлісіп келді.

Бүгінде Berkshire Hathaway құрамында Geico, Duracell, Dairy Queen секілді ондаған ірі компания бар. Сондай-ақ портфелінің негізгі бөлігін — жалпы құны 283 миллиард долларды құрайтын Apple, American Express, Bank of America, Coca-Cola және Chevron акциялары құрайды.

Баффеттің жеке байлығы шамамен 150 миллиард доллар деп бағаланады. Ол биыл мамыр айында Berkshire компаниясының бас директоры қызметінен кету жоспарын алғаш рет жариялаған болатын.