Ақмола, СҚО, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, ШҚО, Абай облыстарында қар жауып, боран соғады. Көктайғақ болады.
Астана, Көкшетау, Петропавл, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Семей, Өскеменде қар, боран, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15–20, кей жерлерде 23–28 м/с дейін болады.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жетісу, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Маңғыстау өңірінде тұман күтіледі.
ШҚО, Абай, Ұлытау, Павлодар, Жетісу, Жамбыл облыстарында екпіні 28 м/с дейін жел соғады.