"Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды.

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді", - делінген ҚМДБ хабарламасында.
Кестеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 2026 жылғы 19 ақпанда басталады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сай келіп тұр.
Ал Ораза айт – 20 наурызға, Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келіп отыр.