weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанадағы вирус өршуіне байланысты мектептерде «таңғы фильтр» енгізіледі

Астанадағы білім беру ұйымдарында грипп пен ЖРВИ бойынша ахуал тұрақсыз болып қалғандықтан, балалардың денсаулығын күн сайын сабақ басталар алдында тексеретін міндетті «таңғы фильтр» енгізіледі.

Астанадағы вирус өршуіне байланысты мектептерде «таңғы фильтр» енгізіледі
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айгүл Шагалтаева қол қойған санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулыда айтылған.

Құжатқа сәйкес, соңғы аптада тіркелген науқастардың 25 пайызы – мектеп оқушылары. Барлығы 3 430 жағдай анықталған. Зертханалық талдаулардың басым бөлігі (431 сынаманың 213-і) A(H3N2) грипп вирусын, яғни «гонконг тұмауын» көрсеткен. 14 жасқа дейінгі балалар арасында бұл вирус 23 пайыз жағдайда анықталып отыр.

Анықтама: Гонконг тұмауы – A(H3N2) вирусының штамы. 1968 жылы Гонконгта алғаш рет тіркелген. Қазіргі таңда осы подтипке жататын маусымдық вирустар осылай аталады. Ол балалар, қарттар және созылмалы ауруы бар адамдар үшін қауіпті: жоғары қызу, қатты жөтел, бұлшықет ауыруын тудырады және тез таралады.

Осыған байланысты Астананың білім басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, мектептер, балабақшалар мен бастапқы медициналық ұйымдар төмендегі шараларды ұйымдастыруы тиіс:

• ОРВИ жұқтырған оқушылар саны сыныптың 30%-ына жеткен жағдайда — эпиджағдай тұрақтанғанша қашықтан оқытуға көшіру;
• Бір сыныпта аурушаңдық 20–30% болса — кабинет жүйесін уақытша тоқтату және 10 күн бойы сыныпқа жаңа балаларды қабылдамау;
• Әр ауысым алдында «таңғы фильтр» өткізіп, ЖРВИ белгілері бар оқушыларды, балабақша тәрбиеленушілерін және педагогтарды сабаққа кіргізбеу;
• Балалар үйі, интернаттар, пансионаттар, әлеуметтік мекемелерде — күн сайын міндетті фильтр, сұхбат, сырттай қарау және қажет болса дене қызуын өлшеу;
• Әр қабатта немесе әр сыныпта санитарлық посттар ұйымдастырып, жедел ауру белгілері бар балаларды дереу анықтау;
• Балалар мен қызметкерлердің келмеу себептерін күн сайын бақылау және медициналық ұйымдарға хабарлау.

Сонымен қатар, ЖРВИ немесе грипп белгілері бар оқушылар мен қызметкерлер сабақтан (жұмыстан) шеттетіліп, медициналық пунктке немесе үйіне жіберіледі.

Мектеп кабинеттерінде ылғалды тазалау мен желдету күшейтіледі, үзілістер уақыты 10–15 минутқа ұзартылуы тиіс. Балабақшаларда – желдету кезінде балаларды басқа бөлмеге шығару қарастырылған.

Қалада мәдени, мерекелік және спорттық бұқаралық іс-шараларға шектеу сақталады.

Барлық профилактикалық шаралар Астанадағы грипп пен ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін күшінде болады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→