Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
30 қазан, 2025 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар

Түркістандағы тұрғын үйлерде ерекше сурет пайда болды

Жетісу облысында "Заң мен Тәртіп" қағидаты және "Таза Қазақстан" акциясы аясында үш мурал ашылды, - деп хабарлайды newsroom.kz

Түркістандағы тұрғын үйлерде ерекше сурет пайда болды
Фото: polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, Жетісу облысында өңір әкімдігінің, "Жетісу жастары" КММ мен полиция департаментінің қолдауымен әділдік, азаматтық жауапкершілік және экологиялық мәдениет тақырыптарына арналған үш мурал ашылды.

Жоба Президенттің "Әділетті Қазақстан" идеологиялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, белсенді және саналы қоғам қалыптастыруға бағытталған.

Муралдар "Таза Қазақстан", "Адал Азамат" және "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамаларының негізгі бағыттарын бейнелейді. Монументалды сурет өнері нысандары Сарқан және Үштөбе қалаларында, сондай-ақ Көксу ауданының Балпық би ауылында орналасқан.

Бұл көркем туындылар қала көшелерін көріктендіріп қана қоймай, "Әділетті Қазақстан" идеясының – тазалық, адалдық және заңдылықтың символына айналды.

"Таза Қазақстан" акциясы тұрғындарды қоршаған ортаны таза әрі қауіпсіз етуге үндесе, "Заң мен Тәртіп" қағидаты заңды сақтау, қоғамдық тәртіп пен әр азаматтың жеке жауапкершілігінің маңызын айқындайды.

Полиция мен өңірдегі жастар ұйымдарының бірлескен жұмысы құқықтық сананы нығайтуға, экологиялық мәдениетті дамытуға және жас ұрпақтың заңға, қоршаған ортаға деген құрметін тәрбиелеуге бағытталған.



 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату