Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Былтыр Қазақстан кәсіпкерлері TikTok арқылы 219 млрд теңге тапқан

2024 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес (ШОБ) өкілдері TikTok платформасы арқылы кемінде 219 млрд теңге табыс тапқан. Мұндай деректер TikTok және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп жүргізген алғашқы зерттеу нәтижесінде белгілі болды.

Былтыр Қазақстан кәсіпкерлері TikTok арқылы 219 млрд теңге тапқан
Фото: ашық дереккөз

Зерттеу еліміздің 20 өңірінен 308 кәсіпкер арасында жүргізілді. Нәтижесінде, TikTok-ты аптасына бір реттен жиі пайдаланатын әр алтыншы кәсіпкер табысының жартысынан астамын осы платформадан табатынынайтқан.

Платформаны ең белсенді қолданатындар — нарықта он жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан компаниялар (52%). 5–10 жыл аралығында қызмет етіп жүрген кәсіпорындардың 47%-ы да TikTok-та үнемі контент жариялап отырады.

Ең табысты салалар

TikTok әсіресе креативті және қызмет көрсетуге бағытталған секторларда табыс көзіне айналған. Олардың қатарында қонақүй және курорт бизнесі, ойын-сауық индустриясы, сұлулық пен денсаулық саласындағы қызметтер бар.

Өңірлер бойынша:

Астанада денсаулық, сұлулық және спорт саласы жетекші (25%),

Алматыда осы бағыттағы үлес — 32%,

Шымкентте белсенділік сауда саласында (52%) байқалды.

Бизнес не үшін TikTok қолданады?

Респонденттердің 81%-ы TikTok жаңа клиенттер тартуға көмектеседі десе, 79%-ы бар клиенттермен байланысты нығайтады деп санайды. Ал 71% кәсіпкер платформаны бәсекелестерден ерекшеленудің тиімді тәсілі деп бағалаған.

Үш түрлі сценарий

Консервативті сценарий бойынша (TikTok қолданушылар – 10%) табыс көлемі – 219 млрд теңге.

Базалық сценарийде (15%) — 329 млрд теңге,

Оптимистік сценарийде (20%) — 438 млрд теңге.

Бұл көрсеткіш TikTok-тың елдің креативті экономикасы мен кәсіпкерліктің тұрақты дамуына нақты үлес қосып отырғанын дәлелдейді. Сарапшылардың айтуынша, алдағы 2–3 жылда платформаны белсенді қолданатын компаниялар саны екі есеге артуы мүмкін.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату