weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тарихи мұра тоналуда: Археологияда мафия бар ма?

Қазақстан археологиясындағы лицензиялау жүйесі елдің тарихи қазынасына тікелей қауіп төндіргені Мәжілісте ресми түрде мойындалды. Қадағалаусыз қалған салада қарапайым бейберекетсіздік емес — мақсатты тонау схемалары қалыптасқан.

Тарихи мұра тоналуда: Археологияда мафия бар ма?
Newsroom.kz | коллаж

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бүгінге дейін археологиялық лицензия мерзімсіз беріліп келген. Бір рет алған компаниялар өмір бойы еш тексерусіз жұмыс істейді. Олардың құрамында білікті маман бар ма, жоқ па — мемлекетке бәрібір болған.

Осындай немқұрайлылықтың салдары:

• тарихи ескерткіштер қайта қалпына келмейтіндей бүлінді

• ғылыми қазбалар жоспарсыз, талапсыз жүргізілді

• жәдігерлердің едәуір бөлігі жоғалып отыр

Тағы бір сорақысы — археология мен реставрация бір лицензияға біріктірілген. Бұл — шын мәнінде екі бөлек кәсіп.

«Реставраторлар қазба жасап, археологтар реставрациямен айналысты. Нәтижесінде — сапасыз жұмыс, бүлінген мұра», — деді Аймағамбетов.

Жаңа реформа мынадай өзгерістерді енгізеді:

— екі бөлек лицензия (археология / реставрация);

— тексерілетін мерзім – 5 жыл;

— талап бұзылған жағдайда лицензия тоқтатылады немесе қайтарылады.

Бұл өзгерістер саланы көлеңкелі бизнестен тазартып, шын мамандарға мүмкіндік береді. Қазақстанның тарихи жадына енді қылмыстық қол сұғу тоқтауы тиіс.