Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 қазан, 2025 / Жасмина Нурлан / Қылмыс

Алматыда терактінің алдын алды — ҰҚК

Алматы қаласында теракт жасауға дайындалып жүрген бес шетелдік азамат ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Алматыда терактінің алдын алды — ҰҚК
Фото: бейнематериалдан

Ведомствоның мәліметінше, арнайы операция барысында күдіктілердің әрекеттері дер кезінде әшкереленіп, олардың жоспарларының жүзеге асуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта барлығы қамауға алынған, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Таралған бейнежазбадан күдіктілердің кейбірі қаладағы құрылыс нысандарында жұмыс істегені байқалады.

Сонымен қатар, қыркүйек пен қазан айларында терроризмді насихаттады деген күдікпен сегіз қазақстандық азамат ұсталған.

ҰҚК тергеу деректері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін атап өтті.

Қауіпсіздік қызметі радикалды ағымдардың әрекеттерінің жолын кесу және олардың идеологиясын таратуға тосқауыл қою бағытындағы жұмыстарды жалғастырып келеді.

Комитет азаматтарды қырағылық танытып, күмәнді жайттар туралы дереу хабарлауға шақырады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату