Жол сапасы мен көлік инфрақұрылымы – өңірлердің экономикалық байланысын нығайтатын басты фактор. Қазақстанның географиялық орналасуы көлік-логистикалық әлеуетті дамытуға зор мүмкіндік береді.
Автокөлік саласының ардагері Бағыт Меңдешевтің пікірінше, жол – өмірдің өзегі.
«Егер жол жақсы болса, сауда, туризм, өндіріс – бәрі дамиды. Қазір жол саласында заманауи материалдар мен технологиялар қолданылып жатыр, бұл ұзақмерзімді тиімділік береді» дейді ол.
Оның айтуынша, өңірлер арасындағы көлік байланысын күшейту арқылы жаңа экономикалық белдеулер қалыптасады. Бұл – халықтың мобильділігін арттырып, бизнесті жандандыратын маңызды бағыт.