Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
16 қазан, 2025 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар

Қоғамдағы келісім – қауіпсіздіктің басты шарты

Қоғамдағы келісім – қауіпсіздіктің басты шарты

Қоғамдағы келісім – қауіпсіздіктің басты шарты
Фото: international.kz

Қазақстан қоғамының басты ерекшелігі – ұлттар мен діндердің бейбіт қатар өмір сүруі. Бұл – елдің ең үлкен жетістігі әрі ұлттық қауіпсіздіктің өзегі. Себебі тұрақтылықтың негізі – қоғам ішіндегі келісім мен өзара түсіністік. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан осы бағытта өзіндік жол қалыптастырды: этносаралық татулық пен азаматтық бірлікті сақтау – стратегиялық басымдыққа айналды.

Қазақстан Халық Ассамблеясының ардагері Светлана Ханның айтуынша, бүгінгі жаһандану дәуірінде қауіпсіздік ұғымы тек әскери немесе экономикалық саламен шектелмеуі керек.

 «Бейбіт өмір мен қоғамдық келісім – ұлттық қауіпсіздіктің басты тірегі. Егер ел ішінде алауыздық туындаса, сыртқы қауіпсіздік те әлсірейді. Сондықтан мемлекет этностар арасындағы татулық пен өзара сыйластықты сақтауға ерекше мән беріп отыр», – дейді сарапшы.

Ассамблея қызметі – осы бағыттағы маңызды институт. Ол тек этностарды біріктіретін платформа емес, сонымен бірге қоғамда толеранттылық мәдениетін қалыптастыратын рухани мектеп іспетті.

Светлана Хан атап өткендей, әр азаматтың бойында бейбітшілік пен келісім мәдениетін қалыптастыру – бүгінгі күннің басты міндеті.

 «Кейде адамдар қауіпсіздікті тек қорғаныс әскерлерімен байланыстырады. Ал шын мәнінде қауіпсіздік – ол көршіңмен тату болу, қоғамда сенім мен құрмет орнату. Осындай рух қалыптаспай, нағыз қауіпсіздік болмайды», – дейді ардагер.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату