Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
19 қазан, 2025 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар

Әлеуметтік-демографиялық даму – басты міндет

Әлеуметтік-демографиялық даму – басты міндет, - деп хабарлайды newsroom.kz

Әлеуметтік-демографиялық даму – басты міндет
Фото: Атырау ӨКҚ

Қазақстан соңғы онжылдықтарда демографиялық және әлеуметтік құрылым тұрғысынан үлкен өзгерістерге ұшырады. Урбанизация қарқынының өсуі, жастардың білім мен кәсіби салада белсенділігі, халықтың өмір сүру ұзақтығының артуы – елдің әлеуетін айқындайтын басты көрсеткіштер. Бүгінде Қазақстан халқының 60 пайыздан астамы жастар мен еңбекке қабілетті буын. Бұл – елдің экономикалық дамуының стратегиялық ресурсы.

Осы орайда, білім саласының ардагері Нұрлы Тельманқызы:

«Демографиялық даму — тек сандардың өзгерісі емес, ол қоғамның сапалық өсімі. Әр ұрпақ алдыңғы буынның еңбегін жалғастырып, білім мен руханиятқа сүйенсе ғана тұрақты мемлекет құрылады. Мемлекет әлеуметтік саясатты адам қадірі мен еңбегін бағалауға негіздеуі тиіс», – деп санайды.

Бүгінде елде «Отбасы институтын қолдау», «Жайлы мектеп», «Жұмыспен қамту» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар жасалып отыр. Бұл шаралар ел ішіндегі көші-қон теңгерімін сақтауға, ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік айырмашылықты азайтуға мүмкіндік береді.

Қоғамның әлеуметтік тұрақтылығы – азаматтардың өз мемлекетіне деген сенімінде. Демографиялық өсім мен әлеуметтік қолдау тетіктері үйлесім тапқанда ғана әділетті қоғамның негізі қаланады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату