Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 12:41 / Перизат Ілес / Әлем

Үндістанда сұмдық жағдай: автобустағы өрттен 20 адам қаза тапты

Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатында туристік автобустың өртенуі салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Үндістанда сұмдық жағдай: автобустағы өрттен 20 адам қаза тапты
Фото: oxu.az

Оқиға Kaveri Travels компаниясына тиесілі автобус шамамен 44 жолаушымен Хайдарабад қаласынан Бангалорға бағыт алған кезде орын алған. Автобус ұлттық тас жолда мотоциклмен соқтығысқан.

Апат болған сәтте жолаушылардың көбі ұйықтап жатқан. Кейбіреулері оянып, терезелерді сындырып сыртқа секіріп үлгерген, алайда көп адам автобустың ішінде қалып қойған, өйткені бірнеше минуттың ішінде жалын көлікті толық шарпыған.

Жергілікті тұрғындар оқиға орнына жүгіріп келіп, өрт сөндірушілер келгенге дейін зардап шеккендерді құтқаруға тырысқан.

Полиция апаттың мән-жайын анықтау үшін тергеу бастады. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына жүргізушінің абайсыздығы мен отынның ағуы себеп болуы мүмкін.

Хабарламада айтылғандай, автобустың жүргізушілері апаттан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір оларды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату