Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ақтөбедегі қайғылы апат: зардап шеккендер Астанада ем қабылдайды

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында болған ауыр жол апатында 12 адам көз жұмды, тағы 6 адам жарақат алды.

Ақтөбедегі қайғылы апат: зардап шеккендер Астанада ем қабылдайды

Оқиға себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылып, оның жұмысына Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жетекшілік етуде.

Комиссия отырысында жағдай туралы:

  • Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров,
  • Ішкі істер министрі Ержан Сәденов,
  • Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов,
  • Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев,
  • Көлік вице-министрі Жанібек Тайжанов баяндады.

Зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр, төртеуі орташа ауыр күйде.Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі жаралыларды санитарлық авиация арқылы Астанаға жеткізуді ұйымдастырады.

Сонымен қатар, қаза тапқандардың отбасыларына материалдық және психологиялық көмек көрсету тапсырылды.

Жол апатының мән-жайын ІІМ-нің арнайы комиссиясы жан-жақты тексеріп жатыр, қылмыстық іс қозғалды.Бұдан бөлек, ІІМ мен Көлік министрлігіне «Самара–Шымкент» трассасының қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Еске салайық, 23 қазан күні, Өзбекстан азаматы жүргізген «DAF» жүк көлігі қарсы жолаққа шығып, жолаушылар отырған «Газельмен» соқтығысқан. Екі жүргізуші мен 10 жолаушы, оның ішінде екі кәмелетке толмаған бала, оқиға орнында қаза тапқан.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату