Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алматы қаласы: Республика күніне арналған спорттық іс-шаралар

25 қазан – Республика күніне орай Алматы қаласында қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен ауқымды спорттық іс-шаралар өтеді. Мерекелік шаралардың басты мақсаты – тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмір салтына баулу,- деп хабарлайды newsroom.kz

Алматы қаласы: Республика күніне арналған спорттық іс-шаралар

Мереке күндері қала бойынша 11 ірі спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оларға жалпы саны 30 мыңнан астам спортшы мен көрермендер қатысады.

Іс-шаралар тізімі:

• Республика күніне арналған балалар хоккей турнирі

Өтетін орны: «Халық Арена», Медеу ауданы, Құлжа трактісі, 2
Күндер: 22-23 қазан.

• Тоғызқұмалақтан оқушылар арасында Республика күніне арналған ашық турнир

Өтетін орны: Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы, Алатау ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/4
Күні:  23 қазан.

• Әйелдер командалары арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты

Өтетін орны: «Олимпик"» мұз сарайы,  Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 44/3
Күндер: 22-26 қазан.
Турнирге еліміздің жетекші хоккей клубтары қатысады.

• Республика күніне арналған спорт фестивалі

Өтетін орны: ЦСКА СК, Бостандық ауданы, Сәтбаев көшесі, 6  
Күні: 25 қазан
Фестивальге әртүрлі спорт түрлерінің өкілдері, оқушылар, студенттер мен ардагерлер қатысады.

Балалар футбол лигасы

• Өтетін орны: «Динамо», СК Алмалы ауданы, Наурызбай батыр, 93-95
Күндер: 25-26 қазан

•  Қазақстан Премьер-лигасының 26 турының ойыны: "Қайрат" (Алматы) - " Астана "(Астана)
Өтетін орны: Орталық стадион, Бостандық ауданы, Сәтпаев көшесі, 29/3
Күні: 26 қазан

Айта кетелік, Республика күні қарсаңындағы спорттық іс-шаралар – Алматы қаласындағы жақсы дәстүрдің жалғасы. Мұндай жарыстар мен фестивальдар қала тұрғындардың командалық рухын арттырып, бұқаралық спортты дамытуға және «Алматы – спорт пен салауатты өмір қаласы» деген ұғымды нығайтуға бағытталған. Барлық жарыстар мен турнирлер мерекелік көңіл-күйде өтеді. Іс-шараларға спортшылар, жаттықтырушылар, оқушылар, студенттер және қала тұрғындары қатысады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату