weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

3G дәуірі аяқталды: Қазақстан толық 4G форматына өтуде

Жыл соңына дейін елдің ірі қалаларында 3G технологиясын 4G-ге ауыстыру толық аяқталады. Бұл туралы Үкімет отырысында «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС басқарма төрағасы Александр Бабичев мәлімдеді.

3G дәуірі аяқталды: Қазақстан толық 4G форматына өтуде
Фото: казинформ

А.Бабичевтің айтуынша, жаңғырту жұмыстары мобильді интернеттің сапасын арттыру және деректерді беру жылдамдығын көтеру мақсатында жүргізілуде. Қазір барлық ірі қалаларда ескі жабдықтар заманауи 4G жүйесіне ауыстырылып жатыр.

Компанияның желісі бүгінде елдегі мобильді интернет-трафиктің 50 пайыздан астамын қамтиды. Бұл – қазақстандық телекоммуникация нарығындағы маңызды жетістік.

Сонымен қатар, биыл МТ-С компаниясы Қазақстандағы ең ірі жекешелендіру келісімдерінің бірінің нысанына айналды. Бұл қадам жеке инвесторлардың ел экономикасына деген сенімін арттыруға ықпал етеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→