weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
18 қазан, 2025 / Аман ШАМАР / Мәдениет
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда қаһарман полицей туралы фильмнің тұсауы кесілмек (+ВИДЕО)

«Қазақфильм» қазақстандық полицейдің ерлігін арқау еткен фильмнің премьерасын өткізеді, - деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанда қаһарман полицей туралы фильмнің тұсауы кесілмек (+ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Еліміздің кинотеатрларында 23 қазаннан бастап «Қазақфильм» киностудиясының «Капитан Байтасов» атты көркем фильмі көрсетіле бастайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты мәлім етті.

Фильм нақты оқиға желісі негізінде түсірілген және 2011 жылы Тараз қаласында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған.

Картинаны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

Көркем фильмнің премьерасы 23 қазанда өтеді. Онда басты рөлдерді Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжит, Дархан Сүлейменов және Қобыланды Болат сомдайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→