Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Оқушылар енді атлас/карта ұстамайды: география пәні қысқартылды

География сабағы аптасына 4 сағаттан 1 сағатқа қысқарған — ұстаздар дабыл қақты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Оқушылар енді атлас/карта ұстамайды: география пәні қысқартылды
фото: CIS Network University

Қазақстанда география пәнінің мазмұны мен сағат саны қысқарды. Kursiv.kz басылымының айтуынша, мұғалімдер бұл шешімге наразы болып, Білім министрлігіне ашық хат жолдады. Бұл — пән ұстаздарының министрлікке екінші рет жолдаған өтініші, бірақ әзірге жауап жоқ.

Нені алып тастаған?
Жаңа бағдарламада картамен және атласпен жұмыс істеу толық дерлік алынып тасталған. Сондай-ақ аптасына 4 сағаттан берілетін пән енді тек 1 сағатпен шектелген.

«Картаны білмеу — географияны мүлде білмеумен тең», — дейді педагогтар.

Министрлік үнсіз
Мәселе география пәні мұғалімдерінің республикалық съезінде де көтерілген. Алайда Білім министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академия әзірге ешқандай шара қабылдамаған.

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бұл жағдайды пәнді «жоюмен тең» деп бағалады.

«География — елдің тек картасы емес, оның табиғаты, экономикасы мен даму логикасы. Жаңа ұрпақ өз елін де, әлем құрылымын да түсінбей өседі», — деді депутат.

«Білімсіз ұрпақ — қауіпті қоғам»
Смирнованың айтуынша, география сағатын қысқарту — мемлекеттің өзі жүргізіп отырған саясатқа қайшы.

«Қазақстан өзін Азиядағы транзиттік хаб ретінде таныстырып отыр. Ал географиясыз ұрпақ ертең миф пен жалған ақпаратқа сенетін қоғамға айналады», — деді ол.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату