Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қытайлардың картасында Балқаш неге жүр?

Көне Қытай карталарында Қазақстанның кей өңірлері Қытайдікі деп жазылған ақпараттар жүр

Қытайлардың картасында Балқаш неге жүр?
Скриншот: "Сұрауы бар"

Көне Қытай карталарында Жетісу мен Балқаш өңірлері Қытайдікі деген ақпарат тарап, әлі күнге дейін солай айтылып, оқытылып жүрген көрінеді,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақ шекарасы туралы еңбектер жазып жүрген тарихшы, картограф Нұржан Кенжеахмет бұл саяси бұрмаланған көзқарас деп  "Сұрауы бар" хабарында айтты.

"20 ғасырдан кейін Қытайда Балқаштың оңтүстігі, шығысы біздікі деген көзқарас тарады. Бірақ Цин империясы кезінде ол ақпарат болмаған. Бұл кейінгі ғалымдардың өзінің көзқарасы. Өйткені мен, екінші монографияма 200-ден аса карта енгіздім. Гарвард университетінің карталар кітапханасынан, Вашингтон "Конгресс" кітапханасынан алдым. Лондандағы кітапханадан Абылай хан тұсындағы картаны алып, зерттеу жасадым. Енді жаңағы Балқаш Қытайдікі деген концепция соңғы 100 жыл көлемнідегі ғалымдардың көзқарасы. Саяси бұрмаланған, ғылымилыққа жатпайтын көзқарас. Өздері солай карта сызып, жасап алған. Бұлай тарихи карталарда сызылмаған. Мысалы 1766 жылғы манджур тіліндегі картада қазақ даласы мен Цин империясы арасы сызылған. Зайсаннан Нарынқолға дейінгі аралық Абылай хан тұсында көрсетілген. Сол картада шығыс шекара қазіргі біздің шығыс шекарамен дәлме-дәл келеді. 1864 "Шәуешек протоклі" келісімшарты болған. Келісімшартта Ресей мен Цин импеоиясы шекараны нақтылап алған. Ол кезде Қазақстан Ресейдің құрамында болды ғой. Сонда ресейліктер шығыс шекараны қазақтың рубасыларынан сұраған. Рубасылар біздің бұрынғы шекарамыз осы деп, қазіргі шекараны көрсеткен. Қазіргі карта сол кезде сызылған, бірақ ол Абылай хан тұсында сызылып қойған еді,- деді тарихшы.