weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даму картасы цифрлық форматқа көшеді

Биылдан бастап мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасы автоматтандырылды

Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даму картасы цифрлық форматқа көшеді
Оқу - ағарту министрлігі

Балалардың дағдыларының дамуы мен қалыптасуын бақылай алу үшін мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасы автоматтандырылды деп хабарлайды, - newsroom.kz. Бұл туралы бүгін ОКҚ алаңында Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

«Мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасы бізге әр баланың қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және мектепте оқуды сәтті бастауға дайындауға мүмкіндік береді. Картада дамудың барлық маңызды аспектілері көрсетілген: типтік оқу бағдарламасын игеру барысында қалыптасатын физикалық жағдай, коммуникативті, танымдық, интеллектуалды, шығармашылық, зерттеу және әлеуметтік-эмоционалды дағдылар. Мұндай жүйелі тәсіл сапалы білім беруді қамтамасыз етеді және балалардың бастауыш мектепте табысты бейімделуіне ықпал етеді», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манар Адамова.


Карта цифрлық форматқа ауыстырылды және ұлттық білім беру дерекқорымен интеграцияланды, бұл ақпаратты мектептерге жолдауға мүмкіндік береді және мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш білім беру арасындағы үздіксіз сабақтастықты қамтамасыз етеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→