Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

АҚШ-та Қазақстан экономикасына таңданыс білдірді: қарыз аз, өсім тұрақты

АҚШ-та өткен таныстырылымда Қазақстан экономикасының тұрақтылығы мен мемлекеттік қарызының төмен деңгейі ерекше атап өтілді.

АҚШ-та Қазақстан экономикасына таңданыс білдірді: қарыз аз, өсім тұрақты

Үкімет дерегінше, елдің мемлекеттік қарызы ІЖӨ-нің 22,2%-ын немесе шамамен 61 млрд долларды құрайды — бұл әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі.

Вашингтонда өткен қазақстандық инвестициялық әлеуеттің таныстырылымында еліміздің экономикасы үш жыл қатарынан 5%-дан жоғары өсім көрсетіп келе жатқаны айтылды.

Қазақстанның кредиттік рейтингтері жетекші халықаралық агенттіктер — S&P, Fitch және Moody’s тарапынан расталған.
S&P елімізге қатысты болжамды «Позитивті» деңгейге көтерсе, Moody’s Қазақстанды «Baa1» деңгейінде бағалап отыр.

Соңғы 20 жылда елге 400 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Оның үштен бірі ғана тау-кен саласына бағытталса, қалғаны өнеркәсіп, құрылыс, көлік және қаржы секторына салынған.

Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырған проактивті экономикалық өсу стратегиясы өңдеуші өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы және энергетика бағыттарын қамтиды.
Бұл салалардың жиынтық инвестициялық әлеуеті 100 млрд доллардан асады.

Қазіргі таңда Қазақстанда америкалық қатысуы бар 720-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді.
2024 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 4,2 млрд долларға жетті.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату