Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Алғашқы жұмыс күні еді»:  жасөспірім құрылыс басында қаза тапты

Астанада 17 жастағы Ерсұлтан қосымша табыс табу үшін KazPolymerStroy компаниясының құрылыс нысанына жұмысшы болып орналасқан. Сол күні – алғашқы жұмыс күнінде – ол ор қазып жатқан кезде үстіне бетон плита құлаған, деп жазады Astanovka98 телеграм-арнасы.

«Алғашқы жұмыс күні еді»:  жасөспірім құрылыс басында қаза тапты

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте болған. Марқұмның анасының айтуынша, ұлының өліміне кран жүргізуші мен КамАЗ жүргізушісі кінәлі. Сол күні олар да нысанда жұмыс істеген және екеуі де есірткі әсерінде болған. Сараптама бұл деректі растаған.

Ерсұлтан елордалық теміржол колледжінде грант негізінде оқып жүрген. Бұған дейін Қытайда тәжірибеден өтіп, жүргізуші куәлігіне ақша жинап жүрген екен. Отбасы жақында ғана Қызылордадан Астанаға, ұлдарына жақын болу үшін көшіп келген. Алайда бір ай өтпей жатып, қайғылы жағдай орын алды.

Марқұмның туыстары компания қызметкерлері мен басшылығына қатысты полицияға арыз түсірген. Олардың айтуынша, нысанда қауіпсіздік ережелері сақталмаған және техниканың бір бөлігі тиісті рұқсатсыз пайдаланылған.

KazPolymerStroy компаниясы отбасыға көңіл айтты, бірақ өтемақы төлеуді ұсынбаған. Ерсұлтанның жақындары кінәлілердің жазадан құтылып кетуінен қорқады.

Редакцияның сауалына жауап берген Астана қалалық полиция департаменті аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы («Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу») бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл бап бойынша ең жоғарғы жаза – 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату