weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дәрі әсер етпейтін дерттер көбейіп барады: ДДСҰ дабыл қақты

Mедицина осы қарқынмен кете берсе, адамзат пенициллин табылғанға дейінгі кезеңге қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды newsroom.kz.

Дәрі әсер етпейтін дерттер көбейіп барады: ДДСҰ дабыл қақты
Jpabs.org

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, соңғы жылдары көптеген бактериялар антибиотикке әсер етпей, емге көнбей барады. Сарапшылардың айтуынша, медицина осы қарқынмен кете берсе, адамзат пенициллин табылғанға дейінгі кезеңге қайта оралуы мүмкін, деп жазды Reuters.

Жаңа есеп бойынша, әлемдегі әр алтыншы инфекция антибиотикке төзімді болып шыққан. Соңғы бірнеше жылда мұндай төзімділіктің деңгейі шамамен 40 пайызға артқан.

Ұйымның дерегіне сәйкес, жыл сайын бір миллионнан астам адам бактериялардың дәріге төзімділігі салдарынан көз жұмады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→