“Антибиотиктерді дәрігердің тағайындаусыз жиі тұтына беру дұрыс емес практика. Себебі, соңғы жылдары бүкіл дүниежүзінде атибиотикке резистенттілік жоғарылау қаупі көтеріліп отыр”, - дейді эпидемиолог Айнагүл Қуатбаева.
Антибиотикке резистенттілік – бактериялардың антибиотиктердің әсеріне төзімді болып өзгеруі. Яғни, белгілі бір бактериялар антибиотиктердің әсерінен жойылмай, оларды қабылдаған күннің өзінде көбейе береді. Бұл адамның инфекциялық ауруларын емдеуді қиындатады, өйткені бұрын тиімді болған дәрілер енді әсер етпейді.
Мұның басты себептері:
- Антибиотиктерді негізсіз және шамадан тыс қолдану (мысалы, дәрігердің тағайындауынсыз қабылдау);
- Дәріні толық курс бойынша ішпеу (бактериялар әлсіреп, бірақ толық жойылмай, мутацияға ұшырауы мүмкін);
- Ауыл шаруашылығында антибиотиктердің көп қолданылуы (мал мен құс өсіруде).
Антибиотикке резистенттілік – қазіргі медицинадағы үлкен мәселе. Егер бұл үрдіс жалғаса берсе, қарапайым инфекциялардың өзі емдеуге келмейтін қауіпке айналуы мүмкін. Сондықтан антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауымен және дұрыс қолдану өте маңызды.