Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

14 жастағы баланың өлімі: Ақтөбеде 6 оқушы сотталды

Ақтөбе облысында 14 жастағы баланың өліміне қатысты үкім шықты

14 жастағы баланың өлімі: Ақтөбеде 6 оқушы сотталды

Ақтөбе облысының Қопа ауылында былтыр, 2 қыркүйекте болған 14 жастағы оқушының өлімі бойынша сот процесі аяқталды.

Бұл іске байланысты алты жоғары сынып оқушысы күдікті ретінде танылған, ал жәбірленушілердің саны он екі болған.

Сот үкіміне сәйкес, үш оқушы «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып бірнеше рет бұзақылық жасау» бабымен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Қалған үш оқушы «Денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу» бабымен кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату