Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Берсең — бәріне бер»: «Қайрат» бапкері қақпашыларға сыйланған көлік туралы

Алматылық «Қайрат» футбол клубының бапкері Анабеков пен Қалмұрзаға сыйланған көліктер туралы пікір білдірді.

«Берсең — бәріне бер»: «Қайрат» бапкері қақпашыларға сыйланған көлік туралы

— Кәсіпкерлерге футболшыларға көлік не өзге де сыйлық беруге біз тыйым сала алмаймыз. Бірақ бір адамды ғана бөліп-жарып марапаттауды дұрыс деп есептемеймін. Футбол — командалық ойын. Егер көмектескің келсе, онда бүкіл командаға көмектес. Бір ойыншыға ғана ерекше көңіл бөлу — командалық рухқа кері әсер етеді. Біздің клубта да осы саясат ұстанылады: қолдау болса, барлығына ортақ болсын, — деді «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» пен «Жетісу» арасындағы матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, мадридтік «Реалмен» өткен кездесуден соң 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрзаға автокөлік сыйға тартылған еді. Кейін дәл осындай сыйлыққа клубтың тағы бір қақпашысы Темірлан Анарбеков те ие болды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату