Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бурак Озчивит Қазақстанда: Жанкүйерлер оны таптап кете жаздады

Түркияның танымал актері Бурак Озчивит Маңғыстауда өтіп жатқан «Қорқыт ата» халықаралық кинофестиваліне арнайы келді. «Осман империясы», «Қара Севда», «Керемет Ғасыр» телехикаяларымен танымал актер Ақтауға алғаш рет табан тіреп отыр.

Бурак Озчивит Қазақстанда: Жанкүйерлер оны таптап кете жаздады
Фото: Аягөз Ізбасарова/ kazinform

«Бұл – менің Ақтауға алғаш келуім. Шақырту алған соң бірден келісім бердім. Себебі, біз бауырлас халықпыз. Маңғыстау халқының ыстық ықыласына ризамын», – деді Озчивит.

Кинофестивальге Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан және Мажарстаннан да делегаттар қатысып жатыр.

Дегенмен, актердің жанкүйерлерімен кездесуі күтпеген жайтпен аяқталды. Шамамен бір жарым сағатқа созылған шарадан кейін Бурак Озчивитті қоршаған халық залдан шығуға мүмкіндік бермей қойды. Жанкүйерлер жұлдызбен суретке түсу үшін жан-жақтан қысып, актерді таптап кете жаздады. Күзетшілер оны қайтадан ішке кіргізіп, ғимараттың басқа есігінен шығаруға мәжбүр болды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату