weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 қыркүйек, 2025 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мысырда тігін фабрикасы өртенді: қаза болғандар бар

Мысырдың солтүстігіндегі Гарбия провинциясының Эль-Махалла-эль-Кубра қаласында тігін фабрикасында өрт шықты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мысырда тігін фабрикасы өртенді: қаза болғандар бар

Араб Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, кем дегенде сегіз адам қаза тауып, 35 адам зардап шекті.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға орнына 26 жедел жәрдем көлігі жіберілген, зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемелерге жеткізілген.

Al-Youm as-Sabia ақпараттық порталы хабарлағандай, фабрика ғимаратының бір бөлігі құлаған. Құтқару қызметтері адамдарды қалдықтардың астынан іздестіру операциясын жүргізіп жатыр. Билік өрттің себептерін анықтау үшін тергеу бастады.