Бұл іске №8 Бас әскери-құрылыс басқармасының бұрынғы жетекшісі Вадим Выгулярный мен Донецк халық республикасының құрылыс министрінің бірінші орынбасары Юлия Мерваезова да тартылған. Екеуіне аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр.
Ақпаратқа қарағанда, Иванов әзірге куәгер ретінде тергелген, бірақ оның мәртебесі өзгеруі мүмкін. Экс-шенеуніктің адвокаты айыптауларды «құр ойдан шығарылған» деп атады.
Айта кетсек, қыркүйектің 17-сінде Мәскеу соты Юлия Мерваезованы қамауға алып, екі айға тергеу изоляторына жіберді. Бұған дейін шілде айында Вадим Выгулярный тұтқындалған еді.