Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Әлеуметтік желіден аластатылған Мьянманың әскери лидері Қазақстанға келеді

27 қыркүйекте Астанаға Мьянма Президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңесінің төрағасы Мин Аун Хлайн ресми сапармен келмек. Ақордада өтетін кездесуде Қазақстан мен Мьянма арасындағы ынтымақтастық мәселелері қаралады деп жоспарланып отыр.

Әлеуметтік желіден аластатылған Мьянманың әскери лидері Қазақстанға келеді
Фото: ашық дереккөз

Мин Аун Хлайн кім?

Мин Аун Хлайн – Мьянманың қазіргі әскери басшысы әрі елдегі ең ықпалды тұлға. Ол 1956 жылы дүниеге келген. Әскери мансабын кеш бастағанына қарамастан, генерал дәрежесіне дейін көтеріліп, 2021 жылы Мьянмада билікті қолына алған.

Ол Мемлекеттік әкімшілік кеңесін басқарып отыр және елде іс жүзінде әскери билік орнатқан. Әлемдік саясатта Мин Аун Хлайнды көбіне “Мьянманың әскери хунтасының жетекшісі” деп атайды.

Қызық деректер

Әуелгі арманы инженер болу еді. Университетке түсе алмай, әскери жолды таңдаған.

Қытай мен Ресейге жақын саясаткер. Мәскеуге жиі сапарлап барып, қару-жарақ саудасын белсенді жүргізеді.

Қара тізімдегі генерал. АҚШ пен Еуропа елдері оған санкция салған. Себебі Мин Аун Хлайн Мьянмадағы рохинджа мұсылмандарына қарсы әскери операциялармен байланыстырылған.

Әлеуметтік желіден аластатылған. Facebook компаниясы оны “зорлық-зомбылықты насихаттағаны үшін” платформадан біржола алып тастаған.

Отбасы бай-бизнесмендер қатарында. Балалары телекоммуникация, алтын өндіру және құрылыс саласында ірі жобаларды жүргізеді.

Неге бұл сапар маңызды?

Қазақстан үшін Мьянмамен байланыс – Азиядағы әріптестік аясын кеңейтуге мүмкіндік. Экономикалық ынтымақтастықтан бөлек, екі ел арасындағы саяси диалог та жаңа деңгейге көтерілуі ықтимал.

Мин Аун Хлайнның сапары халықаралық саясаттағы түрлі пікірталастармен қатар өтсе де, Қазақстан үшін сыртқы байланыстарды дамыту тұрғысынан елеулі оқиға болмақ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату