Депутат Улан Примовтың айтуынша, парламент сайлауын 2026 емес, 2025 жылы өткізу саяси тәуекелдерді азайтып, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Бастаманы қазірдің өзінде 32 депутат қолдап отыр.
Парламентарий мұндай шешім ел тарихында бұрын-соңды болмағанын атап өтті. Оның айтуынша, парламенттік және президенттік сайлаулардың бір жылға сәйкес келуі жүйеге артық салмақ түсіріп, қателіктер мен заңбұзушылықтардың көбеюіне әкелуі ықтимал.
Құжат енді үйлестіру кеңесінің қарауына берілді. Кеңес соңғы шешім қабылданатын отырыстың күнін белгілейтін болады.