Мәселен, KitapFest фестивалін 40 мыңнан астам адам тамашаласа, Тұңғыш Президент саябағындағы мерекелік іс-шараларға 100 мыңнан астам қонақ келді. Ал «Астана» алаңында таңнан кешке дейін 130 мыңнан астам көрермен жиналды.
Қаланың орталық алаңдарында, саябақ пен көшелерінде ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды:
• Тұңғыш Президент саябағында көлемді Alma Fest-2025 өтті;
• Панфилов көшесі инновациялық Digital Fest алаңына айналды;
• Арбат KitapFest фестивалінің арқасында нағыз әдебиет орталығына айналды.
Алматылықтар мен қала қонақтарына Роза Рымбаева, «Дос-Мұқасан» ансамблі, Зарина Алтынбаева, Қайрат Нұртас, TURAR, bellucci, «МузАрт» тобы, Shiza, De Lacure, Adam және Ninety One тобы болды. Қала күні Алматыны Қазақстанның мәдени астанасы ретіндегі мәртебесін тағы да айшықтай түсті.