Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

16 жастағы қазақ қызы әлемнің 13 дүркін чемпионын жеңді

Болгарияда өткен қол күрестен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Шардарадан шыққан 16 жастағы спортшы Ұлболсын Елмұрат сенсация жасады. 

16 жастағы қазақ қызы әлемнің 13 дүркін чемпионын жеңді
Фото: видеодан скриншот

60 келіге дейінгі салмақтағы финалда ол Словакияның 13 мәрте әлем чемпионы Люсия Дебранованы небәрі бірнеше секундта жеңіп, ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Қазақстан туы көкке көтеріліп, әнұран ойнаған сәтте жас чемпион көзіне жас алды.

Бір әулет – үш чемпион
Бұл біріншілік тарихта тұңғыш рет бір үйдің үш ұлы қатарынан чемпион атануымен де есте қалды. Шардаралық ағайынды Бекнұр (14 жаста), Азамат (15 жаста) және Әділет (18 жаста) өз салмақ дәрежелерінде алтын медаль иеленді. Сондай-ақ, 16 жастағы Нұрсұлтан Алдан жеңіс тұғырына көтерілді.

Тағы бір тарихи жеңіс
Құраманың тағы бір жас жұлдызы – 18 жастағы Ырысты Оразхан финалда Швецияның 11 дүркін әлем чемпионы Фия Рейсекті жеңіп, Қазақстан спорт тарихына алтын әріппен жазылатын жетістікке қол жеткізді.

Осылайша, Шардарадан шыққан өрімдей жастар Болгария төрінде ел намысын асқақтатып, Қазақстан тарихында жаңа парақ ашты.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату