Бұл — 18 жастағы спортшының ересектер арасындағы алғашқы әлемдік жеңісі. Бұған дейін ол жастар арасында джиу-джитсу мен грэпплингтен 11 мәрте әлем чемпионы атанған болатын.
Жібек әлеуметтік желідегі жазбасында бұл жеңістің оңай келмегенін айтты. Оның сөзінше, алтын медальға барар жолда ол Индонезия, Таиланд, Оңтүстік Корея, Франция, Канада, БАӘ, Ресей және Филиппин елдерінің қара белбеу иегерлерімен белдескен.

Финалда қазақстандық спортшы отандасы Райхан Абдуллаевамен кездесіп, 48 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.
— «Бұл жеңіс — бір күннің нәтижесі емес. Бұл тоғыз жылдық еңбектің, тәртіп пен сенімнің жемісі», — деп жазды ол.
Жібек Құлымбетова Самат Рамазанов атындағы джиу-джитсу және грэпплинг академиясының спортшысы, қазіргі таңда күлгін белбеу иегері.