Облыс әкімдігінің мәліметінше, аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр.
– Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді, тергеу амалдары жүргізілуде, – деді әкімдіктегілер.
Сондай-ақ олар өңірде мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жемқорлық пен заңсыз әрекеттерге мүлде төзбеушілік саясаты жүргізіліп отырғанын атап өтті.
– Заңды бұзған тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес ең қатаң шаралар қолданылады. Мемлекеттік қызмет қатарын адал емес қызметкерлерден тазарту – әкімдіктің басты міндеттерінің бірі, – делінген хабарламада.