Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Мұнайлы ауданында прокуратура сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдаған.
Жұмыс қорытындысы бойынша 22 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, тағы үшеуіне қатысты қылмыстық жауапкершілік қолданылған.
Прокуратура кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау және оларға тиесілі алиментті өндіріп алу бағытындағы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді. Сондай-ақ балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындамай жүрген азаматтарды анықтауға басымдық берілмек.
Өндірілген қаражат балалар алдындағы алименттік берешекті өтеуге бағытталған.