Тексеру барысында оның ата-анасы аман-есен екені анықталды.
– Ол алдымен «әкем қайтыс болды» деп, артынша «анам дүниеден өтті» деген сылтаумен жерлеуге қаражат жинаған. Адамдардың сенімі мен жанашырлығын пайдаланып, ақша иеленген, – деп хабарлады ІІМ.
35 жастағы күдіктінің осындай кемі 10 дерекке қатысы бары белгілі болды. Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Астанада тағы бір әйел жалған оқиға ойлап тауып, жұмыс берушісі мен әріптестерінен жалпы көлемі 2 млн теңге алғаны хабарланған. Ол баласы терезеден құлап, комаға түсті де, артынша көз жұмды деген өтірік ойлап тапқан.