Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Қайрат» қақпашысы Анарбеков жарақат алды: «Реалмен» ойынға қатыса ала ма?

14 қыркүйек 2025 жылы сағат 17:00-де басталған «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы кездесуде күтпеген жағдай орын алды. Ойынның 10-минутында алматылық команданың негізгі қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алып, алаңнан зембілмен әкетілді.

«Қайрат» қақпашысы Анарбеков жарақат алды: «Реалмен» ойынға қатыса ала ма?

Қазақстан ұлттық құрамасының да, «Қайраттың» да басты жұлдызы саналатын Анарбеков осыған дейін ел футболындағы сенсацияға себепкер болған еді. Ол Алматы клубын УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығарып, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды.

Еске сала кетсек, 27 тамызда өткен шешуші ойында «Қайрат» Шотландияның «Селтигін» пенальти сериясында (3:2) тізе бүктіріп, тарихта алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Сол матчта небәрі 21 жастағы Анарбеков үш пенальтиді тойтарып, нағыз қаһарман атанған еді.

Айта кетейік, алматылық клуб алғаш рет Еуропаның басты додасында бақ сынайды. Ал 30 қыркүйекте «Қайрат» өз алаңында әйгілі «Реал Мадридті» қабылдайды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату