Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Пугачеваның шетелге кеткеннен кейінгі алғаш рет сұхбат берді

Совет пен ресей эстрадасының аңызға айналған жұлдызы, әнші әрі актриса, бүгінде 76 жастағы Алла Пугачева көп жылдан кейін алғаш рет журналист Катерина Гордееваға сұхбат берді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Пугачеваның шетелге кеткеннен кейінгі алғаш рет сұхбат берді
Скриншот «Скажи Гордеевой»

2022 жылы ол күйеуі мен балалары бірге Ресейден кетіп, алдымен Израильге, кейін Кипрге, қазір Ригаға қоныстанған. Отбасының елден кетуіне – Максим Галкиннің соғысқа қарсы мәлімдемесінен кейін басталған қуғын-сүргін себеп болған.

Өнер иесі сұхбат беруге «өсек пен түрлі мифке нүкте қою үшін» келісіпті

«Егер сұрақ болса – жауап беремін. Ертең не болатынын ешкім білмейді, бірақ балалар шындықты білсін деп айтқым келді. Әке-шешелері туралы ақиқат құжат күйінде қалсын», – дейді ол.

Қартаю жайлы
Пугачева өзін әлі де жақсы сезінетінін айтады. Негізгі уайымы – денсаулық: бала күнгі аурулардың салдары байқала бастаған. Дәрігерлер кей дәрілердің (статиндер) аяқ әлсірететінін ескерткен. Бірақ жаттығумен ол бұл қиындықты еңсерген.

«Мен өзіме көңілім толады. Шынымды айтсам, өміріме разымын. Маған әлі өмір сүруге себеп бар – ең бастысы балаларым», – дейді ол.

Балалары туралы
Сұхбат барысында бірнеше рет қызы Лиза да келіп қосылған. Әнші

«Балалар – менің жаңа тынысым. Олар маған өмір сүруге күш береді. Әрине, менің арманым – олардың Ресейге қайтып баруы. Тіпті үйімізді музейге айналдырамыз деген жоспарым бар», – дейді.

Жеке өмірі жайлы
Алла Пугачева бес рет тұрмыс құрған. Оның айтуынша, шынайы отбасылық бақытты ол тек қазіргі жұбайы Максим Галкиннің жанынан тапқан:

«Ол мені сүйе біледі, бағалай біледі. Бұл – үлкен бақыт. Бізді тек махаббат емес, достық, түсіністік, қолдау байланыстырады. Отбасы деген тек төсектегі өмір емес, ол – сенім мен жан жылуы», – дейді Примадонна.

Ресейден кету себебі
Әнші алғашында елден мүлде кетпейміз деп ойлаған. Бірақ 2022 жылдың қыркүйегінде Максим Галкинге* «шетел агенті» мәртебесі берілгеннен кейін жағдай ушығып, балалары мектепте қысым көрген

«Мен шыдай берер едім. Бірақ балаларға „тыңшының баласы“ деп тиісіп, қорлай бастаған соң кетуге тура келді. Жүрегім ауырып кетті, чемоданымызды жинап, кетіп қалдық», – дейді ол.

Өткен некелері туралы
Әнші алғашқы күйеуі – Кристина Орбакайтеның әкесімен ғана шынайы отбасылық өмір сүргенін айтады. Ал кейбір некелері достарына көмек үшін болғанын жасырмады. Филипп Киркоровпен некесі де пиар-қадам болғанын ашық мойындады:
«Ол кезде оған қолдау қажет еді. Мен қолдан келгенше көмектестім. Бүгінгі күнге дейін алғысын айтып жүр», – дейді ол.

Қорытындысы
Алла Пугачева өмірінің қиын кезеңдеріне қарамастан, өзін бақытты санайды. Балалары үшін өмір сүріп жүргенін айтып:
«Менің әлі айтарым да, берерім де бар. Балаларым – болашағым», – деп түйіндеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату