- Қазіргі таңда мұсылманша неке қиып, көп әйел алу қаншалықты тиімді?
Жалпы ислам шариғаты бойынша,ер азаматқа 4 әйел алуға дейін рұқсат етілген. Егер ол алған әйелдерін баспанамен ішіп-жеммен қамтамасыз ете алатын болса, шариғат рұқсат етеді. Ал енді 1 әйелін баға алмай жүріп,басқа әйел алуы қиянат.
- Исламда ажырасу мәселесін қалай шешуге болады?
- Қазіргі қоғамда ажырасу мәселесі масқара боп тұр ғой. Ажырасу бойынша әлемде жетекші орында тұрмыз. Жалпы ислам шариғатында отбасыларды ажыраспасын деп насихат жасайды. Неке - Жаратқанның алдындағы аманат.
- Исламда ер адамның отбасыда жетерліктей қаражат таппай, салмақты әйелге салуы орынды ма?
Ер азамат бола тұра,әйелдің тапқанына қол салып, әйелдің асырауына мұқтаж болу дұрыс нәрсе емес. Жалпы ер азаматтар әйелдерді бағу керек, қорғау керек, аялау керек. Шариғат талабы солай. Қазіргі таңда әйелдері бағып, еркектері үйінде қазан қайнатып отырған жағдайлар бар. Бұл айып.