Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда Сенат референдум арқылы жойылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентті бір палаталы ету бастамасын көтерді.

Қазақстанда Сенат референдум арқылы жойылады

– Өзім он жыл бойы Сенатты басқардым. Бұл қызметті әрдайым зор мәртебе әрі жауапкершілік деп қабылдадым. Сондықтан осы мінберден парламенттік реформа туралы айту маған оңай емес, – деді ол.

Мемлекет басшысының сөзінше, палаталарды біріктіру заң шығарушы биліктің жұмысын тиімдірек етуге мүмкіндік береді. Дегенмен ол бұл мәселені асығыс шешуге болмайтынын атап өтті. Реформа азаматтық қоғамда, сарапшылар арасында және қазіргі парламент құрамында жан-жақты талқылануы тиіс. Президент талқылауға бір жыл бөлу қажеттігін ұсынды.

– Мұндай ерекше реформаны талқылауға кемінде бір жыл кетеді деп ойлаймын. Содан кейін, 2027 жылы бүкілхалықтық референдум өткізіп, Конституцияға тиісті өзгерістер енгізуге болады, – деді Тоқаев.

Ол сондай-ақ мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық маңызды мәселе халықтың келісімімен шешілуі тиіс екенін қадап айтты.

Президенттің айтуынша, егер реформа қабылданса, бір палаталы парламент тек партиялық тізімдер бойынша сайлануы қажет.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату