Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 13:03 / Перизат Ілес / Әлем

Жартысынан көбі балалар: Ауғанстандағы жер сілкінісінен 500 мың адам зардап шекті

Ауғанстанның шығысындағы Гиндукуш тауларында болған жер сілкінісінің салдарынан 500 мың адам зардап шекті, олардың жартысынан көбі – балалар. Бұл туралы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жартысынан көбі балалар: Ауғанстандағы жер сілкінісінен 500 мың адам зардап шекті

«500 мың адам апаттан зардап шекті, олардың 263 мыңы – балалар», – делінген қордың мәлімдемесінде.

Айтылғандай, 30 қауымдастықта жүргізілген ведомствоаралық жедел бағалау нәтижелері жер сілкінісінен «19 781 баланың зардап шеккенін» растады, оның ішінде 10 мыңнан астамы – қыздар, 9,4 мыңы – ұлдар.

«Бұл көрсеткіштер апаттың балаларға тигізген шамадан тыс әсерін және балаларға бағытталған қорғау шаралары мен қызметтердің аса қажет екенін айқын көрсетеді», – деп атап өтті ЮНИСЕФ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату