weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ислам ер мен әйелдің бір-біріне көмектесуіне тыйым салған ба?

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-да Ауғанстанда болған жер сілкінісінен кейін әйелдердің үйінді астында қалып, оларға дер кезінде көмек көрсетілмегені туралы ақпарат тарады. Басылымдардың жазуынша, құтқарушылар ерлер мен балаларға жәрдемдескенімен, әйелдерге қол ұшын бермеген. Өйткені, ер мен әйелдің арасындағы тікелей жанасуға тыйым салынған деседі.

Алайда бұл деректердің рас-өтірігі нақты емес.

Ислам ер мен әйелдің бір-біріне көмектесуіне тыйым салған ба?
Фото: РБК

Осы орайда әлеуметтік желіде дінді қаралаушылар көбейген. Осы тұста ҚМДБ өкілі Тамирлан Дарханұлының пікірін білдік:

«Исламда адам өмірін құтқару – ең жоғары құндылықтардың бірі. Сондықтан төтенше жағдайда, зәру кезде ер мен әйелдің бір-біріне қол ұшын беруіне дінде ешқандай тыйым жоқ. Мұндай кезде көмектеспеу ақылға сыймайды», – дейді Тамирлан имам.

Ол кез келген хабардың рас-өтірігін білместен сене бермеуге және әр түрлі көзқарастың артынан ере бермеуге шақырды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→