2025 жылдың қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы жұмыссыздық 5% болса, елдегі жалпы көрсеткіш 4,6% болған. Аймақтар арасында айырмашылық айтарлықтай. Мысалы, Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында әйелдер жұмыссыздығы 11,7%-ға жеткен. Жамбыл облысы Рысқұлов ауданында- 7,9%, Ақтөбе облысының Алға ауданында- 7,8%.
Жұмыссыздық әсіресе жасы үлкен әйелдер арасында жоғары. 55–64 жастағы әйелдерде бұл көрсеткіш 8,6% болған. Білім деңгейі де маңызды фактор: жоғары білімі бар әйелдер арасындағы жұмыссыздық 3,5% болса, негізгі орта білімі барларда 15,6%-ға жетеді.
Биыл сәуір-маусым айларында Қазақстанда 242,7 мың жұмыссыз әйел тіркелген. Олардың 79,3 мыңы бұрынғы жұмысынан кеткеннен кейін жұмыссыз қалған.