weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
5 қыркүйек, 2025 / Жанар Ғарифоллақызы / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Португалияда үш күндік аза тұту күні: қала трамвайы апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты

3 қыркүйек кешкісін «Глория» фуникулері рельстен шығып кетіп, қатты жылдамдықпен ғимаратқа соғылды. Апат салдарынан кемінде 15 адам көз жұмып, 18 адам жарақат алды. Олардың арасында үш жасар бала да бар.

Португалияда үш күндік аза тұту күні:  қала трамвайы апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты
Фото: Associated Press

Лиссабон мэрі Карлуш Муэдаш үш күндік аза тұту жариялап, болған жағдайды «көріп-білмеген қайғы» деп атады. Алдын ала болжам бойынша апатқа тарту арқанның үзілуі немесе босаңсуы себеп болуы мүмкін.

Фуникулер операторы Carris вагонның техникалық тексерістен кестеге сай өткенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия президентіне көңіл айту жедел хатын жолдады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→